Қайырымдылық акциясы бастау алды

2019 жылдың  1 желтоқсан күні мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік күні және Жаңа жылға  тұрмысы төмен және  халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциясы бастау алды. Акция ауданның барлық ауылдық окургтерінде, әкімдердің, мәслихат депутаттарының, шағын және орта бизнес өкілдерінің қатысуымен өтуде. Жарма ауданының әкімі Ахметқали Нұрғожин  Қалбатау ауылының тұрғындары  И.Мустафина, А.Бейсембаева, М.Боксенованың үйлеріне барып жағдайымен танысып, азық-түлік пакеттерін табыстады. Қайырымдылық шарасы жалғасын табуда.