Актив жиналысы өтті

2019 жылдың 29 қараша күні «Nur Otan» партиясы Жарма аудандық филиалында "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, "Nur Otan" партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың партияның аймақтық және аумақтық филиалдарының өкілдерімен кездесуінің қорытындылары туралы" партия активі өтті. Партия активін «Nur Otan» партиясы Жарма аудандық филиалының төрағасы А.Нұрғожин ашып, жүргізді. Активте "Nur Otan" партиясы Жарма аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Оразгалиев, Жарма аудандық мәслихатының хатшысы А.Сахметжанова, аудандық мәслихат депутаты М.Оспанбаев, №4 Қалбатау сайлау округі бастауыш партия ұйымының төрағасы А.Даутов және Жарма аудандық партия филиалының төрағасы А.Нұрғожин баяндама жасады.
Партиялық актив жұмысына Жарма аудандық филиалы Саяси кеңесінің, Саяси Бюросының мүшелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің және партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаттық фракциясының жетекшісі, депутаттық фракция мүшелері, жастар бірлестігі және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.