Аудандық газет 85 жылдық мерейтойын атап өтті

2019 жылдың 28 қараша күні аудан әкімі А.Нұрғожин аудандық «Қалба тынысы» газеті ұжымын өңірлік басылымның 85 жылдық мерейтойымен құттықтады. Салтанатты жиынға көп жылдар еңбек еткен ардагерлер де қатысты. Мерекеге орай ауданның негізгі ақпарат құралының жұмысын атқарып келе жатқан шығармашылық ұжым мүшелерін аудан әкімі салтанатты жағдайда құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапаттады. Сол сияқты еңбегі ерен сала ардагерлеріне де құрмет көрсетілді.