Салтанатты Ант қабылдау рәсімі

Аудандық Болат Тұрлыханов атындағы спорт кешенінде тұңғыш Президент күніне орай Маяковский атындағы орта мектебінің «Жас сарбаздар» сыныбының 4-взвод қатары толықтырылып, салтанатты Ант қабылдау рәсімі өтті.
Жас сарбаздарды аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.Шаймұратов құттықтап, 1-бөлімше сарбаздарына куәлік тапсырды. 2-бөлімше сарбаздарына аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Есполов, 3-бөлімше сарбаздарына аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник Б.Жапаров куәліктер табыстады.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, Жарма ауданының білім бөлімі және «Жас Сарбаз» Шығыс Қазақстан облысының жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы арасында жастарды-әскери-патироттық тәрбиелеу саласындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралымеморандумғаЖарма ауданы қорғаныс бөлімі майоры Саябаев Мерхат Мұратказыұлы мен Жарма аудандық білім бөлімі басшысы Шаймуратов Қанат Рымханұлы қол қойды.

Салтанатқа ауған соғысы ардагерлері К.Мапетов, Н.Траиспаев, қамқоршылық кеңесінің төрайымы Ж.Садыкова, ата-аналар, мекеме, ұйым ұжымдары қатысты.
Салтанат соңы 6-8 сыныптың Жас сарбаздарының флэш-парадына, патриоттық әндерге ұласты.