Аудан әкімдігінің отырысы өтті

2019 жылдың 26 қарашасы күні кезекті аудан әкімінің кеңейтілген аппарат отырысы өтті. Жиында егін жинау науқанының және мал азығының дайындалу қорытындысы туралы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы М.Қасымов баяндама жасады. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Н.Сейтказина, қаржы бөлімінің басшысы Г.Серикболова, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушы тасымалдау көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Т.Есімжанов және ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Матановтардың ақпараттары тыңдалып, өңір басшысымен бірқатар міндеттемелер жүктелді.

Әкімдік отырыстың соңында аудан әкімі кәсіби мерелеріне орай еңбегімен ерекшеленген  қаржы саласы мамандарына құрмет көрсетіп, марапаттады.