«Қазақстан елі бұл» кітабының тұсау кесері

2019 жылдың 18 қарашасы күні Жастар үйінде мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жерлес, жазушы, ақын Нұрқасым Садықовтың «Қазақстан елі бұл» атты кітабының салтанатты тұсау кесері өтті. Салтанатты кітаптың тұсаукесеріне  Жарма ауданынының әкімі А.Нұрғожин,  Қазақстан Республикасының Жазушылар одағы ШҚО филиалының директоры Ә.Қаңтарбаев, Жарма ауданының «Құрметті азаматтары» А.Даутов және Ә.Рахымбаев, Н.Есполов, Ә.Сатбеков қатысты.

Шара барысында қаламгер, жазушы, шежіреші, ақын, халық үшін аянбай еңбек еткен, қайраткер Нұрқасым Садықовтың өміржолы мен шығармашылығы жайлы кеңінен таныстырылып, арнайы шақырылып отырған ел ағалары ой бөлісіп, мектеп оқушылары автордың өлеңдерінен үзінділер оқыды. Шараға қатысушылар аудандық кітапхананы аралап, оның қызметімен танысты.