"Романсы моей души" атты орыс романсына арналған кеш өтті

Жарма ауданының Достық үйінде "Романсы моей души" атты орыс романсына арналған кеш өтті.  Келген қонақтар мен қатысушыларға романс жанрының пайда болуы мен даму тарихы, атақты авторлар мен орындаушылардың өмірі, шығармашылығы ұсынылды. Достық үйінің ұжымы кеш қонақтарының тақырыпқа байланысты атмосфераға енуін қамтамасыз етуге тырысты. Тарихи-өлкетану мұражайының залында классикалық және тұрмыстық романстар айтылды.   Кешке қатысушылар: "Дорогой длинною", "Давайте восклицать", "Отговорила роща золотая", "Не жалею, не зову, не плачу", "Клен ты мой опавший", "В лунном сиянии", "А на последок я скажу", "Мой костер в тумане" және т.б. романстарды орындады. Іс-шара Н.Ю.Цвентарнаяның авторлық романстарын орындаумен басталды. "Мұрагер" шығармашылық тобының солисі М.Н.Кушукова кештің көзайымына айналып, опералық туынды тарту етті. Әдеби-музыкалық іс-шара соңында Т.Н.Пяткова авторлық өлеңін оқып, кешке қатысушыларға жылы лебізін білдірді. Кеш барысында қонақтардың назарына танымдық слайдтар мен бейнероликтер ұсынылды.