Зарина-әлем чемпионы

2019 жылғы 7 қараша күні Жарма ауданы, Шар қаласында армрестлингтен әлем чемпионатына қатысып, алтын медальді еншілеген жерлес спортшы Зарина Примакты жиналғандар зор ықыласпен қарсы алды.

Шар қаласының орталық алаңында тұрғындар Зарина Примакпен аталған жарысқа үздік алтылықтын қатарына көрінген Медет Алдабергенов жерлестерін салтанатты түрде қарсы алды, оған аудан әкімдігінің өкілдері, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, ішкі саясат бөлімінің және жергілікті округ әкім аппаратының қызметкерлері қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Ернар Бексұлтанов, аудандық мәслихаттың хатшысы А. Сахметжанова, басқа да шақырылған қонақтар  чемпионды құттықтап, гүл шоғырын табыс етті.