Медиация бойнша семинар

2019 жылы 31 қазан және 1 қараша күндері Жарма ауданының Қалбатау ауылында мемлекеттік тапсырыс шеңберінде «Еңбек дауларын реттеудегі медиативтік технологиялар. Келісу комиссияларының тиімді жұмысы» атты тақырыбындағы екі күндік семинар өтті.

Семинарды кәсіби жаттықтырушы медиатор Е.А.Абдрахманова жүргізіп, келісім комиссияларының жұмыс тәртібін, еңбек дауларын шешуде медиацияны қолдану мәселелерін түсіндірді. Қазіргі тәжірибеде дауларды келіссөздер арқылы кезең- кезегімен шешу туралы әңгімеледі. Келісім комиссияларының міндетті еңбек туралы заңнамалық актілердің талаптарына сәйкес еңбек дауын сотқа дейін шешуге мүмкіндік беріп өтетінін атап өтті.

Семинардың екінші күні аудандық соттың судьясы А.М.Садуакасова пилоттық жоба шеңберінде, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Жеке және қоғамдық қатынастар саласындағы еңбек даулары мен даулардың алдын алу», медиаторлар мен билер кеңесінің мүшелері қатысатын үлгілік рәсімдер туралы семинар болды. Е.А.Абдрахманова оқу процесінде алған ақпараттарын тәжірибе жүзінде бекіту ұсынылды. Тыңдаушылар сонымен қатар кері байланыс сауалнамасының сұрақтарымен танысып, жауап берді. Семинарға қатысушылар қойылған сұрақтарға толық жауаптармен түсініктер алды.