Көпбалалы ананың жағдайымен танысты

2019 жылдың 3 қазанында ұстаздар мерекесі қарсаңында аудан әкімі А.Нұрғожин, Шар қаласындағы бес баланың анасы, Карелин атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Меруерт Бұтабаеваның шаңырағында болды. Мұғалімдер мерекесімен құттықтаған өңір басшысы, көп балалы ананың тұрғын үйімен танысты. Яғни, осыған дейін бес бірдей бүлдіршін тәрбиеленіп келе жатқан баспананың апатты жағдайы турасында аудан әкімі алдына мәселе көтерген болатын.

Көп балалы отбасының баспанасы жылдағы ағымды жөндеу мен күтімнің арқасында сақталып келеді. Жақында тұрғын үйдің жалпы ахуалын мамандар сараптамадан өткізіп, апатты деп танылған.

Жанұяның жағдайымен танысқан аудан басшысы, мәселені өз назарына алды. Яғни, көп балалы отбасын баспанамен қамту ісі жан-жақты пысықталып, мүмкіндіктер қарастырылмақ.