«Браконьер» жедел алдын алу шарасы

Браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың қазан айының 5-нен 31-не дейін Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы аумағында “Браконьер” жедел алдын алу шарасы өткізілуде. “Браконьер” жедел алдын алу шарасының негізгі мақсаты заңсыз аң аулау, ағаш кесу, су жануарларын аулау, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымы фактілерін анықтауға бағытталған.

Браконьер жедел-профилатикалық іс-шарасын өткізу кезінде екі күннің қортындысы бойынша Жарма ауданында ҚР ӘҚБтК 382 бабы 1 бөлімі бойынша яғни Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу фактісі бойынша 7 азамат әкімшілік жауапкершіліке тартылды.