Аудан әкімдігінің отырысы өтті

2019 жылдың 7 қазанында әкімдіктің үлкен залында аудан әкімінің кеңейтілген аппарат отырысы өтті. Аппарат отырысында Жарма ауданында «Дипломмен ауылға» бағдарламасының аясында өтелмеген берешектер туралы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Н.Сейтказина, 100 елді мекендерді және аудан орталықтарын абаттандыру бағдарламасы аясында салынып жатқан «Streetworkout»  жобаларының құрылысы туралы Әуезов, Жаңғызтөбе кенті, Қалбатау ауылдық округі және Шар қаласының әкімдері, Жарма ауданы бойынша үй шаруашылықтарына сауалнама жүргізіп, қорытындысын электрондық базаға енгізу туралы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы М. Қасымов ақпарат берді.