Коррупцияға жол жоқ

2019 жылдың 4 қазанында «Шығыс- Адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру аясында, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру мақсатында «Адал өмір» челленджі өткізілді. «Адал өмір» челленджі облыстың барлық елді мекендерінде өткізілуде. Іс-шараны қолдап, белсене қатысқан ішкі саясат бөлімі мен жастар ресурстық орталығының жас буын өкілдері, мекемелерді аралап, пара берудің қылмыс екендігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.