Ұстаздар мерекесі аталып өтті

2019 жылдың 3 қазанында  Шар қаласындағы Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінде Ұстаздардың кәсіби мерекесі  салтанатты түрде аталып өтті. Мерекелік шараға аудан әкімі А.Нұрғожин, аудан әкімінің орынбасары А.Ибраев, аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.Шаймұратов ардагер ұстаздар, мұғалімдер, білім беру саласының мамандары қатысты. Аудан басшысы мерекелік игі тілегін білдіріп, жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беруде еңбегімен ерекшеленген ұстаздарды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының, аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен мадақтады.