Спортсменге пәтер кілті табыс етілді

2019 жылы 30 қыркүйегінде Шар қаласында қала жұртшылығы, арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің қатысуымен Азия чемпионы, әлемдік біріншіліктің екі дүркін жүлдегері және Әлем кубогының иегері, қол күресі бойынша Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Зарина Примакка аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин аудандық бюджеттен бөлінген қаражатқа сатып алынған және жөнделген үйдің кілтін салтанатты түрде табыс етті.

Сондай – ақ, аудандық мәслихаттың хатшысы Айгүл Сахметжанова, ақсақалдар кеңесінің төрағасы С. Ирбаев, әлеуметтік қызмет көрсету директоры Қ. Тулеубаева, жергілікті мектеп оқушылары құттықтады.

Шара соңында аудан әкімі, басқа да шақырылған қонақтар жаттығу кешенінде болып, осы күні арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының спортшыларын қолдау мақсатында ұйымдастырылған "Зарина – чемпион" атты спорттық мереке қатысты.