Жылыту маусымына дайын болу

Жаз бітіп қыс суығының келуі әлі алыс болса да жылыту маусымына дайындық алдын ала басталып кетті. Тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралардың жыл бойы жүргізілетіні анық. Бірақ жылыту маусымында күнделікті күйбей тірлікпен адамдар қауіпсіздік ережелерін сақтамай пайдаланылатын ақауы бар жылыту пешіне немесе электржылытқыш құралға көңіл бөлмейді, ал ол тек өрттерге ғана емес, сонымен қатар адамдар өліміне да алып келеді.
Осындай жағдайларға орай, Жарма ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі жылыту маусымындағы қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін хабарлайды:
Пешпен жылыту барысында өрттің алдын алудың басты шарты – оларды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз орындау болып саналады:
• Пешті жылыту маусымына қарай алдын ала дайындап қою қажет, пешпен түтіндіктің дұрыстығын тексеру, оларды жөндеу, күйеден тазалау, ойықтарды глина-құм ерітіндісімен жағып, төбедегі түтін құбырын ақтау қажет;
• от салынған пешті қараусыз қалдырмаңыз, оларды қарауды кішкентай балаларға тапсырмаңыз;
• балаларға ұдайы отпен ойнамау қажеттігін, оның қаншалықты өмірге қауіпті екендігін ұғындырып отырыңыз, оларға пайдалы демалыс ұйымдастырыңыз. Оларға тұрғын жылыту құралдарын қолдануға тыйым салыңыз, олардың қолы жететін жерлерден сіріңкені алып тастаңыз, балаларды еш уақытта қараусыз қалдырмаңыз;
• пешті жағуға еш уақытта бензинді, керосин, дизельді жанар-жағар майды және басқа да тез тұтанатын сұйықтықтарды қолданбаңыз;
• пешті көмірмен, кокспен, газбен, оған арналмаған заттармен жақпаңыз;
• пештің алдына жанар-жағар май, басқа да жаңғыш сұйықтықтар мен материалдарды қоймаңыздар;
• пеш үстінде киім кептірмеңіз;
• жылыту пештерінің жаңғыш құрлыстардан бөліп тұратын нормамен белгіленген өртке қарсы айырымдары, сондай-ақ белгіленген үлгідегі жанудың алдын-алу беті болуы тиіс.

Жарма ауданы ТЖБ-і