Жарма аудандық мәслихатының кезекті ХХХVІІІ сессиясы

2019 жылдың 9 қыркүйегінде Жарма ауданының әкімшілік ғимаратында кезекті ХХХVІІІ сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудандық мәслихаттың 13 депутатының 10 депутаты, аудан әкімі А.А.Нургожин, сонымен қатар аудан бөлімдерінің басшылары, құқық қорғау органдары, БАҚ және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Сессия күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі туралы.
Ахметкали Ахашевич Нургожин – Жарма ауданының әкімі.
2. Жарма ауданы халқының қоғамдық денсаулық сақтау салауаттылығын қамтамасыз ету туралы.
Сауле Есенгельдиновна Слямгазина – «ҚР ДСМ ТКҚ СҚБ комитеті ШҚО ТКҚ СҚБ Департаментінің Жарма аудандық ТКҚ СҚБ басқармасы» ММ-нің басшысы
3. Жарма ауданында халыққа медициналық қызмет көрсету жағдайы туралы.
Ерик Максутович Исабеков – «Жарма ауданының орталық ауруханасы» КММ-ның бас дәрігері.
Айбек Багдаулетович Карсакбаев – «Шар қалалық ауруханасы» КММ-ның бас дәрігері.
4. Әртүрлі мәселелер