П.Теряев атындағы орта мектебінің 90 жылдығы аталынып өтті

2019 жылдың 7 қыркүйегінде Жарма кентінде П.Теряев атындағы орта мектебінің 90 жылдық мерейтойы аталынып өтті. Салтанатты жиынды аудан әкімі А.Нурғожин ашты. Аудан басшысы П.Теряев орта мектебіне компьютерлік сынып сатып алуға 7 млн сертификатын табыстап, ұстаздарды құттықтап алғыс хаттарымен марапаттады. Бұл салтанатты жиынға мекеме басшылары, мектеп түлектері, ұстаздар және кент тұрғындары қатысты. Салтанатты жиын соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.