Аудан әкімі сорғы жабдықтау зауытында болды

2019 жылдың 10 қыркүйегінде аудан әкімі А.Нурғожин «Георгиевка сорғы жабдықтау зауыты» ЖШС-не барды. Зауыт қызметінің негізгі бағыты сорғы жабдықтарын өндіруболып табылады. Зауыттың техникалық директоры Т.Шушаков аудан әкіміне атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтып, зауыттың цехтарын аралап, жұмыс жасайтын құрылғыларды көрсетіп, жұмыс барысымен таныстырды. Сондай-ақ Т.Шушаков алдағы жұмыс жоспарлары туралы баяндады.