Актив жиналысы өтті

2019 жылдың 9 қыркүйегінде Жарма ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің кепілі» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша аудан активінің жиналысы өтті. Актив жиналысында Жарма ауданының әкімі А.Нурғожин баяндама жасады, «Nur Otan» партиясының Жарма аудандық мәслихатындағы фракциясының жетекшісі М.Оспанбаев, Қалбатау ауылының жеке кәсіпкері М.Тұрсынғазина, Маяковский орта мектебінің директоры Н.Садықова, Жарма аудандық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Қ.Тулебаева және Жарма аудандық жастар ресурстық орталығының әдіскері М.Рамазанов жарыс сөз сөйледі. Жиынға мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдар өкілдері, маслихат депутаттары, әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдері қатысты.