«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша аймақтық семинар

2019 жылдың 5 қыркүйегінде Жастар ресурстық орталығында Шығыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының «Рухани жаңғыру» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясындағы арнайы жобаларды іске асыруды басқару бойынша жергілікті атқарушы биліктің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Мәні мен маңызы терең іс-шараға Жарма өңірімен қатар Үржар, Аягөз, Көкпекті аудандарының «Рухани жаңғыру» өңірлік орталықтарының мамандары, мектеп ұстаздары мен ішкі саясат бөлімі, Жастар ресурстық орталығының мамандары мен “Нұр Отан” партиясының өкілдері қатысты.
Семинар жұмысын Жарма ауданы әкімінің орынбасары Айдар Ибраев ашты. Облыстық «Рухани жаңғыру» өңірлік орталығы басшысының орынбасары Қарлығаш Шерьязданова семинар-практикумды ұйымдастыра отырып, екі кезеңге бөлді: бірінші кезең түсіндірме жұмыстары болса, екінші кезең тәжірибе жүзінде өтті.
Семинар жұмысын қорытындылаған облыстық өңірлік орталық өкілдері семинар жұмысында қалыптасқан кері байланыстың берері мол болғандығын алға тартып, қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етті.