Жастар керуені

2019 жылдың 4 қыркүйегінде Жарма ауданының Жастар үйінде «Рухани жаңғыру- жастар жолы» облыстық жастар керуені мүшелерінің Жарма ауданы жастарымен кездесуі өтті. ШҚО «Ішкі саясат басқармасы» ММ тапсырысымен Шара барысында арнайы жасақталған топ аудан жастарымен кездесіп, көкейкесті сұрақтарға жауап берді. ШҚО Ішкі саясат басқармасы, Жастар ресурстық орталығының директоры бастамасымен топ құрамында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру мекемесі, техникалық және кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау, спорт және денсаулық сақтау департаменттерінің мамандарымен қатар психологтар, теологтар аудан жастарымен жалпы кездесу өткізіп, жеке қабылдауларды да жүргізді.