«Бастау Бизнес» жобасы бойынша хабарландыру

Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы 2019 жылы «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша тегін оқытуға жинайды. Бағдарлама ауыл тұрғындарын кәсіпкерлік дағдыларына оқытуға бағытталған. Ауыл тұрғындарын – жұмыссыздар (жұмыспен қамту орталығына тіркеуге тұру қажет етілмейді) мен өзін өзі жұмыспен қамтығандарды, өз бизнесін ашқысы келетіндерді, сондай-ақ бизнесін кеңейткісі келетін кәсіпкерлерді (тіркелген уақыты 3 жылдан аспауы тиіс) оқуға шақырамыз.

Бағдарламаға қатысу үшін тестілеуден өту керек, соның қорытындысы бойынша топқа іріктеу жүргізіледі. Қызығушылық танытқандар Өңірлік кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдарына/тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округ немесе елдімекен әкімдігіне жүгіне алады, сонымен бірге өтініш пен сауалнама толтырады. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, мекенжай анықтамасы, дербес кредиттік есеп қағазы болуы керек.

Оқу ұзақтығы – 1 ай. Үшінші кезең бойынша тестілеу 2019 жылғы 6 – 7 Қыркүйек аралығында өтеді.   Оқу 2019 жылғы  9 қыркүйек – 1 қазан аралығында жүргізіледі.

Бағдарламаға қатысушыларға шәкіртақы төленеді және курс бітірушілеріне сертификаттар беріледі.

Сұрақтар туындаған жағдайда төмендегі мекенжайға: ШҚО,  Жарма ауданы Қалбатау ауылы Мұсұлманқұлов көшесі 62 және 87234765513, 87234779054   байланыс телефонына хабарласып  немесе http://atameken.kz/ сайтында кеңес алуға болады.