Құрметті достар, қазанның 1-іне дейін Жарма ауданының Шуақ кентіндегі жаңа қазандықтың құрылысын аяқтаймыз

Бұл нысанды 2013 жылы бітіруі қажет болғанын жақсы білесіздер. Алайда мердігер мекеменің банкрот деп танылуына орай құрылыс аяқталмады. Қазіргі уақытта аудандық бюджет есебінен техникалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Инжинирингтік компания жұмысты бастап кетті. Мәселе менің бақылауында. Қыркүйек айында жұмыстың барысымен танысып қайтамын.

Кент тұрғындары тұрақты түрде жылумен қамтамасыз етіледі. Ал жұмыс орындары жабылады деген тақырып мүлдем талқылауға жатпайтынын ерекше атап өткім келеді.