Қоғамдық қабылдау

Аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин, аптаның алғашқы жұмыс күні «Нұр Отан» партиясы Жарма аудандық филиалы ғимаратында аудан азаматтарын жекелеген мәселелері бойынша қабылдады. Өңір басшысының қабылдауында болған жандармен көтерілген барлық мәселелерді зерделеп, бекітілген заңнама шеңберінде кеңінен түсінік беріп, бірқатар маңызды мәселелерді өз назарына алды.

Өңір басшысының алдында көтерілген мәселелерге сараптама жасайтын болсақ, басым бөлігі тұрғын үй бөлу, су желісін тарту, көше жолдарын қалыпқа келтіру және жарықтандыру төңірегінде болды. Айтылған ұсыныс-тілектердің барлығын өз назарына алған аудан басшысы, елімізде бекітілген заңнама ережелеріне сәйкес түсініктеме беріп, көтерілген мәселелер бойынша тиісті мамандарға нақты тапсырмалар мен міндеттемелер жүктеді. Яғни, халықты толғандырған мәселелерді шешу жолдары қарастырылатын болады.