Қасиетті «Құрбан айт» мерекесі

Қасиетті Құрбан айт мейрамы – ислам дініндегі ең ұлық мерекелердің бірі. Барша мұсылман әлемі осы мерекені барынша сән-салтанатымен атап өтуге тырысады. Құрбан айт күні аудандық мешітке таң намазынан бастап жамағат келе бастады. Айт мерекесі Қасиетті Құран Кәрім аяттарымен басталып, имам М.Оспанов жиналған жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтап, уағыз-насихат айтты. Бұдан соң құрбан шалу рәсімі басталды. Бұл күні құрбандық шалуға ниет білдіріп келген ауыл  тұрғындары қатары мол болды. Қалбатау ауылында 5 ірі қара, 30-ға тарта қой құрбандыққа шалынды. Шалынған малдардың етін мешіт қызметкерлері жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға тізім бойынша таратып, мерекелерімен құттықтады.Мешіт ауласында қол күресі, орталық саябақта шағын футболдан командалар арасында жарыс өтіп, жеңімпаздар марапатталды.