«Дала күні» мерекесіне іс-тәжірибе алмасу семинары өтті
2019 жылдың 9 тамызында кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің ұйымдастыруымен Жарма ауданында алғашқы рет «Дала күні» атты семинар-кеңесі өтті.
Аудан әкімі А.Нұрғожин Божығұр ауылдық округінің «Прогресс», «Қаражал», «Диляра», «Алғабас» шаруа қожалықтарындағы, Шалабай ауылдық округінің «Шалабай» ЖШС-нің және Бірлікшіл ауылдық округінің «Алтын Қазан», «Жасар» шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесіп, егістік алқаптарында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
«Дала күніне» арналған шараға Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары – Е.Қуанышев, ауыл шаруашылық саласының ардагерлері, бөлім башылары, округ әкімдері, шаруа қожалық басшылары, бұқаралық ақпарат құрал өкілдері қатысты.
«Дала күні» шарасында агроөнеркәсіп саласының жай-күйі ортаға салынып, өнімділікті арттыру мәселесі төңірегінде әңгімелер қозғалды.
Шаруа қожалықтарының басшылары саннан сапаға жеткізу мүмкіндіктері бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті. «Дала күніне» арналған іс-тәжірибе алмасу семинары жылда жалғасын тауып, дәстүрге айналатын болады.