Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Жарма ауданы Қалбатау ауылында көркемсөз оқу шеберлерінің Абай атындағы облыстық конкурсы өткізілді. Байқауда алғашқы құттықтау сөз кезегін алған аудан әкімінің орынбасары А.Ибраев әр ауданнан келген қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.
Байқауға барлығы 12 аудан келіп, Жарма ауданынан Жусанбаева Гульмира қатысып 3 орынды иеленді.
Сонымен қатар, Аудандық Мәдениет үйінінің дайындаған концерттік нөмерлері ұсынылып, ардагер журналист Ә.Сәтпеков өзінің ақыл-кеңесін жастарға айтып, осындай байқаулардың ауданымызда өткеніне қуанышты екенін айтты.