Жарма аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХХІV сессиясы 

2019 жылдың 7 маусымында Жарма ауданының әкімшілік ғимаратында кезектен тыс ХХХІV сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудандық мәслихаттың 14 депутатының 11 депутаты, сонымен қатар аудан бөлімдерінің басшылары, БАҚ және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Сессия күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

1. Жарма аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 28/250-VI «2019-2021 жылдарға арналған Жарма ауданының Шар қаласының,  Әуезов, Жаңғызтөбе кенттерінің және Қалбатау ауылдық округінің  бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Жарма аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 шілдедегі № 23/207-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

3. Жарма аудандық мәслихатының 2019 жылғы 8 қаңтардағы № 29/252-VI «Жарма аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

4. Жарма аудандық мәслихатының  отыз бесінші сессиясының төрағасы  туралы.               

Отырыс қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.