Аптаның ортасында аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин, жұмыс сапарымен Қаратөбе ауылдық округінде болып, ауылдық-аумақтық бірліктің тыныс-тіршілігімен танысты.
Округке қарасты үш елді мекенді аралаған өңір басшысы, мұндағы барлық әлеуметтік нысандарды аралап, мамандармен тілдесіп, жергілікті халықтың ұсыныс-тілектерін тыңдады.
Жұмыс сапары барысында аудан әкімі, елді мекендерде кезегін күткен бірқатар мәселелерді назарға алып, нақты міндеттемелер мен тапсырмалар жүктеді. Қаратөбе ауылындағы клуб меңгерушісіне мәдени тәжірибе алмасу шарасын дамытуды тапсырды. Жергілікті мектеп ғимаратының терезелерін ауыстыру жұмыстарына көңіл бөлді. Бұл жұмыс келер жылға жоспарланған екен. Округ әкімі М. Тұяқбаевқа Кеңтарлау ауылында мәдениет ошағын ашу мақсатында қолайлы ғимарат қарастыру пысықтауды жүктеді. Ал, Әди ауылына жасаған сапарында мұндағы «Қарадоңғал» шаруа қожалығының жұмысымен танысып, шаруашылықққа иеліктеріндегі егістік алқаптарын игеру ауқымын көтеру және қыс мезгілінде Әди-Кеңтарлау тасжолын қардан уақытылы тазалау жұмыстарына мойнына алу жөнінде ұсынысын жеткізді.
Көтерілген мәселелерді пысықтаған өңір басшысы, сапар соңында округ әкімі мен тиісті мекеме басшыларына нақты міндеттемелер жүктеді.