Жарма ауданы Қалбатау ауылында Жеңістің 74 жылдығына арналған шара өтті. Шара Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер аталарымыздың фото суреттер ұстаған шеруден басталды. Шеруге барлығы 3000-ға жуық адам қатысты.

Ұлы Отан соғысында ел қорғаған жерлестерге арналған ескерткіштің жанындағы митингттің алдында жиналды. Алғашқы құттықтау сөз кезегін алған аудан басшысы А.Нұрғожин Отан үшін от кешкен ардагерлер, тыл еңбеккерлерін және барша халықты Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады.
Сондай-ақ, ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы Б.Жапаров және жастардың атынан Ж.Жаканова жылы лебіздерін білдіріп,
Отан үшін жан қиған боздақтардың, Жеңіс үшін үлес қосқан барша жерлестердің рухына тағзым ете отырып, азагүлдерді ескерткіштке қойды.
Мереке концерттік нөмерлермен жалғасын таба, жылдағыдай орталық саябақта "Далалық ас үйге" атты дастархан жайылды.