Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Кеңтарлау ауылында Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай «Ер есімі ел есінде» атты еңселі ескерткіштің тұсауы кесілді. Өзіндік орыны ерекше рухани шараға отты жылдардан оралмай қалған жауынгерлердің ұрпақтары мен туыстары көптеп жиналды.
Салтанатты шараны ашқан аудан әкімінің орынбасары Айдар Ибраев, бейбітшіліктің негізін қалыптастырған ардагерлерге көрсетіліп жатқан құрмет өскелең ұрпаққа өнеге әрі үлгі боларлық іс екендігін алға тартып, игілікті іске бастамашы болған ауылдық округ әкімдігі мен ауыл тұрғындарына және қолдау көрсеткен кәсіпкерлерге алғысын білдірді.
Сонымен қатар, шараға жиналған құрметті қонақтарда өз ыстық ықыластарын танытып, ескерткіштің тұсауы кесіліп, шамамен биіктігі 6 метрге жетерлік еңселі ескерткіш халықпен қауышты. Ескерткіш тақтаға бірқатар Кеңтарлау ауылынан Ұлы Отан соғысы аттанған жеңімпаз жауынгерлердің есімдері жазылған екен.
Ауыл әкімі Мирболат Тұяқбаевтың сөзіне сүйенсек, меншікті кіріс қаражатынан 300 мың теңге қаражат бөліп, ауданға танымал кәсіпкер Серікқали Исабаев, әлеуметтік әріптестік негізде ескерткіш құрылысын жүргізген екен.