Ерлігі ұмытылмайды

Жарма ауданы Қапанбұлақ ауылдық округінің Қызылжұлдыз ауылында әйгілі сұр мерген, жерлесіміз Төлеуғали Әбдібековтің есімін ұлықтауға арналған шара өткізілді.

Төлеуғали Әбдібеков Ұлы Отан соғысында 400-ге жуық жаудың көзін жойған батыр, жерлесіміздің ерлігіне лайық үлкен ескерткіш орнатылып, іргетасының пердесін филология ғылымдарының  кандитады, доцент, профессор – С.Қорабай ашты.

Сондай алғашқы құттықтау сөз кезегін алған аудан басшысы А.Нұрғожин, ҚР «Құрмет» орденінің, «Ерең еңбегі үшін» медалінің иегері «Жарма ауданының құрметті азаматы» атағынын иегері А.Даутов,  филология ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор – С.Қорабай, Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы университетінің профессоры Л.Ахметова  сөз сөйледі.

Ескерткіштің алдын азагүлдері қойылып, Төлеуғали Әбдібеков бойынша кітап келген қлңақтарға таратылды.

Сонымен қатар, аудандық мәдениет үйінің  ұжымы дайындаған мерекелік концерті болып, ипподромда спорт бөлімінің ұйымдастыруымен  ұлттық ат спорты ойындары «көкпар, тай жарысы, топ бәйге, аламан бәйге) өткізілді.