Қараторғайларды күтіп жүр

«Полиметалл» компаниясы ең жақсы қараторғай ұясын жасау сайысына қатысқан мектеп оқушыларына сыйлықтар табыстады.

Бақыршық орта мектебі мен Шалабай ауылындағы Н.К.Крупская атындағы мектептің оқушылары қанатты достарына арнап қырықтан артық ұялар жасады.

Көктемнің шуақты күндері басталысымен-ақ экоотряд қатарындағы оқушылар,құстардың әсем үні мектеп ауласына келгендерді ғана қуантып қоймасын деп,  мектеп маңайындағы және кенттегіталдарға қараторғайға арналған үйшіктерді іліп шықты!

- Қараторғайларға шауқарғалар бөгет келтірмесе болғаны, олар сондай дөрекі құстар! – деп алаңдаулы, Крупская атындағы мектептің оқу ісінің меңгерушісі Галина Муздыбаева. – Біз биыл бірінші жыл қараторғайларға ұя жасап отырған жоқпыз, өткен жылы да байқағанымдай шауқарғалар оларға кіріп алуға тырысады.

Дегенмен осы жолы ұя барлығына да жеткілікті: қазіргі күні мектеп ауласындағы барлық талдардың бастарында ағаш үйшіктер алыстан көз тартып тұр. Кейбір құстарды жақсы көретін балалар «құстардың үйлерін» тек пайдалану үшін қажет болатындай етіп қана емес, сондай-ақ өте әдемі етіп жасауға тырысқандары көрініп тұр.  Гүлдермен және көлемді көбелектермен безендірілген, ауласы және пенопластан жасалған қақпасы бар нағыз «сарайды» Крупская атындағы мектептің 1 «Б» сыныбында оқитын Жумакан Сырымовтың жанұясы жасапты.

Балақай ең жас қатысушы ретінде, сондай-ақ ең көркем безендірілген қараторғай ұясы үшін «Полиметалл» компаниясынан сыйлық алды. Компания осымен бірнеше жыл қатарынан қыстың басында- ең үздік құстарға арналған жемсаулар үшін, ал көктемнің басында – құстарға арналған ең үздік ұялар үшін сайыс өткізіп келеді.

Ең мықты және кең қара торғай ұясын 4 «А» сыныбының оқушысы Бакдаулет Мырзабекұлы жасапты, қазылар алқасы сайыста бірінші орынды 3 «А» сыныбынан Айқын Жексембинге, екінші орынды – 4 «А» сыныбынан Альбина Корольковаға, ал үшінші орынды - 3 «Б» сыныбынан-Дария Ғабдуллаға берді.Қанатты құстардың барлық қалған достары  компанияданкөтермелеусыйлықтарыналды.

Балалар қара торғайдың ұяларын ағаштарға мүмкіндігінше шегелемей, байлап қоюға тырысқан – табиғатты аялау қажет болса, барлығына да сүйіспеншілікпен қараған жөн ғой. Тек байлап қою мүмкін болмаған жерлерде ғана балға мен шегені пайдалануға тура келген.

Бақыршық мектебі биылғы көктемде қара торғайдың ұяларын сайыстан тыс дайындаған екен  – оларды қыста сабақ кездерінде жасаған немесе өз беттерімен жасап қойған.

- Балалар жақсылап жасауға тырысты, - дейді Бақыршық орта мектебінің еңбек пәнінің мұғаліміСерік Кезеков. – Қара торғайдың ұясын өз қолдарымен жасап шығару – он бір- он екі жастағы балалар үшін жеңіл іс емес. Бірақ олар жасап шықты. Біз ауылды жерде тұратындықтан, барлығын да жасай білуіміз қажет қой. Ендігі жерде қара торғайдың ұясын дайындаған және оған өзінің аты-жөнін жазып қойған әрбір бала, қара торғайларға үйшік жасап бергендері үшін мақтана алатын болады.

Ольга ПИНЭКО-СКВОРЦОВА