Отырыс өткізілді

2019 жылының 04 сәуірі Жарма ауданы Қалбатау ауылында аудан әкімі аппаратының үлкен залында Жарма ауданы әкімінің міндетін атқарушы Н.А. Нұрғалиевтің төрағалығымен - Семей өңірі бойынша ауданаралық басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті тергеу басқармасының басшысы Кушқарбаев Ғалымжан Амантайұлының қатысуымен; Семей өңірі бойынша ауданаралық басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті тергеу басқармасының тергеушісі-Сулейманов Ерболат Рахымбекұлының қатысуымен; Жарма ауданының прокуроры-Мамбетов Бақытжан Әбдімажитұлының қатысуымен, Семей өңірі бойынша ауданаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі басқармасымен енгізілген қылмыстық құқық бұзушылық жасауға және басқа да заңды бұзуға ықпал еткен жағдайларды жою бойынша ұсынымдардың (ҚР ҚІЖК 200-бабы тәртібінде) шығыс материалдары қаралды.     

Отырысқа Жарма аудандық білім бөлімінің еңбек ұжымдары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, "Қалба тынысы" аудандық газетінің өкілі (БАҚ), "Нұр Отан" партиясы филиалы төрағасының орынбасары қатысты. Барлығы: 166 адам қатысты.

Кушқарбаев Ғалымжан Амантайұлы Жарма ауданындағы жағдай туралы қатаң пікір білдірді. Сулейманов Ерболат Рахимбекұлы қылмыстық құқық бұзушылық және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен жағдайларды жою бойынша ұсыныстарды оқыды (ҚР ҚПК 200-бабы тәртібінде).

Жарма ауданы әкімі аппараты тарапынан Серікболова Гүлфайрус Сәкенқызы (Жарма ауданының қаржы бөлімінің басшысы) - Семей өңірі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ауданаралық басқармасының қылмыстық құқық бұзушылық жасауға және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен жағдайларды жою жөніндегі ұсынысын орындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Отырысты қорытындылай келе, Жарма ауданының прокуроры Бақытжан Әбдімажитұлы Мәмбетов ауданның барлық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын қатаң сақтауға шақырды.