Жолда қабылдау

ІІМ мен ПД-де азаматтардың өтініштеріне жүргізілген талдау көрсеткендей, жиі қойылатын сұрақтар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету  проблемаларына қатысты және көші-қон заңнамасының сақталуын, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету бөлігіндегі автокөлікті тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру, төл құжаттар мен жеке куәліктер, жол жүрісін ұйымдастыру, көлік құралдарын қайта жабдықтауға, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл төлеу болып табылады.

Сонымен қатар, патрульдік полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне қатысты халықтан шағымдар көп келіп түседі

Бұл ретте осындай проблемаларға тап болған азаматтар Ішкі істер министрінің және ШҚО Полиция департаменті бастығының блогына шағым жазуды немесе аумақтық ішкі істер органдарына тікелей жүгінбей, әлеуметтік желілерде бөлісуді қалайды.

Осыған байланысты, халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, азаматтардың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыру мақсатында және ҚР  ішкі істер министірінің  полиция генрал-майоры                         Е. Тұрғымбаевтың нұсқауын орындау мақсатында (02.04.2019  жылдың  № 1-5-7-151/1096-и)   ТАЛАП ЕТЕМІН:

 

            1) 2019 жылғы 5 және 6 сәуірде сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін "Жолда қабылдау" республикалық акциясын өткізуді. Бұл ретте ПБ-ҚАПБ бастықтары,  бастықтардың қызмет жөніндегі орынбасарларының, ЖПҚБ, ӘПБ, КҚҚБ бастықтарының, сонымен қатар, тіркеу-емтихан қабылдау, азаматтық  және қызметтік  қару айналымын бақылау және жол-техникалық инспекция бөлімшелерінің қызметкерлері тиісті баннерлермен жабдықталған арнайы бөлінген автобустарда халықты жеке қабылдауды ұйымдастырcын.

         2) Акцияны өткізу орнын анықтап, ағымдағы жылдың 3 сәуірінде сағат 15.00-ге дейін аталған ақпарат ШҚО ПД ӘПБ-ге жолдансын.

         3) Акцияны өткізуге қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ қоғамдық пікір көшбасшыларының блогерлері тартылсын.

         4) Акция шеңберінде өткізілетін іс-шараларды жариялау және бұқаралық ақпарат құралдарында және танымал әлеуметтік желілерде, оның ішінде акция өткізілетін жерден тікелей эфир арқылы кеңінен құлақтандыру қамтамасыз етілсін.

         5) Кездесу барысында халыққа ІІО көрсететін мемлекеттік қызметтерді алу кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындар үшін шығындарды қысқарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы ақпаратты жеткізу (тиісті бейнероликтерді көрсету, жергілікті жерде электронды-сандық қолтаңбаны алуды ұйымдастыру, виртуалды экскурсиялар және т.с.с), сондай-ақ он-лайн режимінде айыппұлды қарау және төлеу, ІІО қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы түсінік беру, "сенім телефондарының" жұмыс істеуі қамтамасыз етілсін.

         6) Аталған кезеңде телефон қоңыраулары, сондай-ақ әлеуметтік желілерде онлайн-қатынас арқылы" жедел желі " өткізу қосымша ұйымдастырылсын (жеке сұхбат форматында-тікелей эфирлер, скайп-конференциялар; әлеуметтік желілердегі ПД аккаунттарындағы, танымал өңірлік БАҚ ақпараттық платформаларындағы хабарламалар арқылы: теледидар, радио, ақпараттық агенттіктер);

7) Қосымшаға сәйкес "Жолда қабылдау" республикалық акциясын өткізу жоспары әзірленіп, бекітілсін.

         Атқарылған жұмыс туралы ақпарат, қоса берілген үлгі бойынша ШҚО ПД ӘПБ-ге (S.Omirzakova@mvd.gov.kz МОИП-қа) 2019 жылғы 7 сәуір сағат 11.00-ден кешіктірілмей жолдансын.