Жүлделі орыннан танылды

Наурыз айының 25-28 күндер аралығында Талдықорған қаласында кіші жасөспірімдер, жастар мен жасөспірімдер, ардагерлер,  мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында 65+кг салмақ дәрежесінде Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Республика деңгейінде өткен жарысқа  17 облыс арасыннан 1000 спортшы қатысты. Шығыс Қазақстан облысынан 70 спортшы қатысты.

Әр облыс пен қаланың намысын арқалаған спортшылардың арасында жармалықтар жақсы ойын көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында 65+кг салмақ дәрежесінде Примак Зарина 1 орын,  Мұстаев Жекебай  4 орын, Алдабергенов Медет 4 орын иегерлері болып атанды. Жалпы командалық жарыстан ШҚО 3 орынға ие болды.

Жеңіс жалауын қолға алған спортшыларымыздың жеңістері артып келеді.