Слайд- шолу  «Қарымды қаламгер»

Биылғы жылы "Бір ел – бір кітап" республикалық акциясы Қазақстанның екі көрнекті жазушысы Әбіш Кекілбаевтың" Аңыздың ақыры "романы мен Әбділда Тәжібаевтың шығармаларын  жалпы оқуға ұсынылды.

Осы «Бір ел- бір кітап» акциясы аясында  Шар қалалық кітапхананың  ұйымдастыруымен  П.Г.Карелин орта мектебінің 11 орыс сыныбы  оқушыларының қатысуымен «Қарымды қаламгер» атты слайд- шолу өткізілді.

Слайд шолу барысында кітапханашы Ә.Тәжібаевтың өміржолдарымен және шығармашылығымен таныстырды.

Атап айтсақ, ақынның  «Сырдария», «Еске алу», «Елден сәлем», «Күзет әні», «Ат үстінде», «Қойшы жыры», «Достық жыры», «Есіме түссе», «Көтеріл, көңілім, қалғыма», осындай ақынның қаламынан туған 30-дан астам поэма мен өте көп сандағы өлеңдері сыршылдық, ойшылдығымен, шыншылдық, оттылығымен ерекшелегендігі туралы айтылды. Ақынның осы мол мұрасы жас ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеуде маңызды орын алады. Кітапханашы қортындылай келе, Әбділдә Тәжібаев — атақты ақын, көрнекті ғалым, танымал драматург, белгілі қоғам қайраткері екендігін және қазақ әдебиетінің тарихында есімі алтын әріппен жазылар ірі суреткер - деп өз сөзін түйіндеді.

Қатысқандар: 15

Берілген кітап саны: 7

Өткізілген орны: Шар қалалық кітапханасы