XIX аудандық партия конференциясы өтті

2019 жылғы 07 ақпан күні  «Нұр Отан» партиясы Жарма аудандық филиалының  XIX аудандық конференциясы  өтті.

Конференция жұмысына «Нұр Отан» партиясы Жарма аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Оразғалиев, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты К.Сулейменов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси Кеңесінің, депутаттық фракцияның  мүшелері  және бастауыш партия ұйымдарының делегаттары қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы». Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі», Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын іске асыру барысы туралы, «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы жобасының негізгі ережелерін талқылау ақпараттар тыңдалып, «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының конференциясына делегаттар сайланды. Конференция  жұмысының қорытындысы бойынша Қаулы қабылданды.