«Agro business TV» бойынша ақпарат

Сіздерге 2019 жылдың 4-ақпанынан бастап "OTAU TV" жерсеріктік желісінің  «Тегін» топтамасына (№52) «Agro business TV» телеарнасының қосылғандығын жеткіземіз.

«Agro business TV» телеарнасының аумағы Қазақстан Республикасын қамтиды.

Хабарлар мен жаңалықтар екі тілде жүргізіледі (мемлекеттік және орыс тілдерінде).

Телеарнаның басты мақсаты – ауыл шаруашылығы мен ауылдарды дамыту саласында мемлекет саясатының таратушысы бола отырып ауыл шаруашылығы сферасында еңбек өнімділігін жоғарылату мен аграрлы сектордағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ықпалдасу.

Осыған сәйкес телеарна келесі тапсырмаларды іске асырады:

- мемлекеттік қолдау мен агробизнесті жүргізу шараларын іске асыру жөнінде мәселелерді жан-жақты баяндау;

- аграрлық нарық қатысушыларын салалық мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттандыру деңгейін жоғарылату;

- ауыл шаруашылық саласында басқарушылық, шаруашылық шешімдер әзірлеу үшін сарапты ақпаратпен қамтамасыз ету;

- агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ақпараттық-кеңестік қамтамасыз ету;

- ауыл шаруашылық бизнестің имиджін жоғарылату, отандық ауыл шаруашылық өнімдердің артықшылықтары туралы ақпараттандыру.

Телеарна өнімдері ауыл тұрғындарын азық-түлік пен ауыл шаруашылық тауарларын өндіру дағдысы мен тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік береді.