Авариялық құтқару жұмыстары

2019 жылдың 30 қаңтар күні мемлекеттік маңызы бар «Алматы-Өскемен» тас жолы, Жарма станциясының аймағында қалың қардың салдарынан жолда автокөліктер қалып қалды. Авариялық құтқару жұмыстарына ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ №55 ӨСБ-нен 1 техника ЗИЛ-131 КУНГ шықты.

Мемлекеттік маңызы бар 857 км «Алматы-Өскемен» тас жолында жолда 5 жүк автокөліктері, 3 жеңіл автокөлік, жол потрульдық полициясының 3 жеңіл автокөлігі және  жедел жәрдем бөлімінің 1 автокөлігі қалың қардың салдарынан тұрып қалған.

Жолдың осы аумағында Жарма ауданының 28-ДЭУ-ден қар тазалау техникасы жұмыс жасады. Қар тазалау техникасы Қалбатау ауылынан Аршалы ауылына дейін Аягөз қаласына қарай жолды тазалап ашты.

2019 жылдың 30 қаңтар күні 19 сағат 15 минутта жолды тазалап ашты, осыдан кейін 34 жеңіл автокөлік, 12 жүк автокөлігі (71 адам) Аягөз қаласына қарай кетті. 7 жеңіл автоколік және 15 жүк автокөлігі (25 адам) Жарма ауданына қарай жол жүрді.

Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізген кезде қаза тапқан және жарақат алған адамдар жоқ.