Жарма ауданының қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

Күн тәртібінде «Аудан әкімінің 2018 жылда атқарған жұмыстары туралы» Жарма ауданы әкімінің міндетін атқарушы –  Н.А.Нургалиев және «Жарма ауданы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына жүргізілетін ішкі мемлекеттік бақылау іс-шаралары туралы қорытынды ақпарат бойынша» Жарма ауданының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы – Д.С.Еркебаев тыңдалды.

Қоғамдық кеңес аудан әкімінің 2018 жылда атқарған жұмыстарына оң баға берді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласы бойынша, ауданымыздың бірқатар нысандарда (дүкен, шаштараз, т.с.с) мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустардың жоқтығын атап өтті. Осы мәселе бойынша  Жарма ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы А.Т.Ансабаевқа жұмыстарды жүргізу керектігін ескертті.