Дөңгелек үстел өтті

Жарма кентінің клуб ғимаратында кент әкімшілігінің ұйымдастыруымен,  ардагерлер мен әйелдер кеңесінің, теміржол мекемелерінің бастықтарының және мектеп басшылығының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Күн тәртібінде: 1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылау  2. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын таныстыру 3. 2019 жылы болатын мерекелерді өткізу тәртібін белгілеу және кенттегі болып жатқан әртүрлі мәселелер қаралды. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, көкейкесті мәселелерін ортаға салды және осы бастама ары қарай жалғасын тапса деген ниеттерін білдірді, дөңгелек үстел өте қызықты және тартымды өтті.