Қорытынды есеп беру кездесуі

Қалбатау ауылындағы аудандық Мәдениет үйінде Жарма ауданының әкімінің міндетін атқарушысы  Н.Нургалиевтың 2018 жылы атқарылған жұмыстар туралы тұрғындар алдындағы қорытынды есеп беру кездесуі болып өтті.

Есепті кездесуге аудан әкімінің міндетін атқарушысы, аудандық мәслихат хатшысы, мекеме, шаруа қожалық, ардагерлер ұйымы, үкіметтік емес ұйымдар, Бақ өкілдері, аудан тұрғындары қатысты.

Жиында аудан әкімінің міндетін атқарушысы Н.Нургалиев 2018 жылы ауданымыздың  әлеуметтік-экономикалық жетістіктері, даму бағыттары, жүзеге асырылған маңызды жобалар,  мемлекеттік бағдарламалардың елді-мекендерде орындалуы турасында алдағы уақытқа жоспарланған негізгі іс-шараларға тоқталып  қорытынды баяндама жасады.

Шара барысында Жаңғызтөбе кентінің тұрғыны, аудандық мәслихат депутаты К.Скаков, Шар қаласының тұрғыны, зейнеткер ардагерлер кеңесінің мүшесі Қ.Мусатаев, Салқынтөбе ауылының тұрғыны, жастар мәслихатының депутаты Е.Лауенов әкім жұмысына өздерінің оң бағаларын берді.

Кездесу соңында тұрғындар, өз ұсыныс-пікірлерін айтып, сұрақтарын қойды. Барлық қойылған сұрақтарға тиянақты жауап берілді