«Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты іс-шара өтті

Қалбатау ауылындағы Мәдениет үйінде «Қазақ тілі» қоғамы аудандық ұйымының алғашқы төрағасы, «Жарма ауданының құрметті азаматы»  Нұролла Өзбековты еске алуға арналған «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты іс-шара өтті.

Шара жас ақындардың ана тілі туралы өлеңдерін оқуынан  басталды.

Жиналғандар назарына Н.Өзбековтің өмірі мен еңбек жолы туралы ақпараттық слайд ұсынылды.

Нұролла Өзбековтің бұрынғы әріптестері, достары, жақындары және таныстары өз естеліктерімен бөлісті.

Сонымен қатар, Нұролла Өзбековтің ұлы Асқар Өзбеков шығармашылық байқаудың жүлдегерлеріне алғыс хаттар мен ақшалай сыйақылар тапсырды.

Іс-шара аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі көркемөнер ұжымдарының концерттік нөмірлерімен аяқталды.