Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының және учаскелік сайлау  комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы

Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандык мәслихатының хабарламасы 

Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандык мәслихаты, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының және 52 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыратыны туралы хабарлайды.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жеті мүшеден құралады.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы сайлаушылар санына байланысты ауданның аумақтық комиссиямен белгіленеді.

Сайлау комиссияларының өкілеттігінің мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидат ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидаттарды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын басқа қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, басқа қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптасатын комиссиядан жоғары тұрған сайлау комиссиялары, 2018 жылдың 07 желтоқсанынан 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде аудандық мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар туралы мәліметтерді;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы шешімінен үзінді;

3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.

Сайлау комиссияларының құрамдарына кандидаттар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштің нысандары мәслихаттың сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңының 23-бабының 3-тармағында қарастырылған сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясының құрамының жартысынан астамы бір ұйымның жұмысшылары болмауы тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналары, балалары, асырап алушылары (қыз асырап алушылары), асырап алған балалары (қыздары), туған және туған емес ағалары мен әпкелері, аталары, әжелері, немерелері) немесе ері (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз нысанда ұсынылатын барлық құжаттар қол қойылып, мөрмен расталуы тиіс және орындалған күні, орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетіліп ұсынылуы тиіс.

Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2018 жылдың 25 желтоқсанына дейін, дүйсенбі-жұма күндері аралығында, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі күндері.

Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихаты 

Жарма аудандық мәслихатының хатшысы – Сахметжанова Айгуль Жансаповна.

Мәслихаттың орналасқан жері: Қалбатау ауылы, Достық көшесі, 105, №23 кеңсе.

Жауапты тұлға – Самарханова Толқын Муратовна.

Байланыс телефондары: 8-(72347)-65-662, 65-637, ұялы телефон: 8-702-829-0327, электрондық пошта: zhar-maslihat@ mail.ru 

Жарма аудандык мәслихаты, аудандық  аумақтық сайлау комиссиясының және  52 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:

 

Сайлау комиссияның нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

 

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

1

2

3

4

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

1.

№1

Қалбатау а.,  Достық көшесі 98, кеңсе №11 

7

 

52 учаскелік сайлау комиссиялары

 

1.                   

№ 515

Терістаңбалы а., " Терістаңбалы бастауыш мектебі" КММ-сі, Бейбітшілік көш. 1

5

2.                   

№ 516

Шалабай а. "Крупская атындағы орта мектебі Крупской"  КММ-сі ул. Масалимов көш. 16

7

3.                   

№ 521

Шар қ.,  Шар қаласының мәдениет үйінің ғимараты, Қабанбай көш. 124

7

4.                   

№ 522

Шар қ.,  "Б.Тұрсынов атындағы орта мектебі" КММ-сі  ул. Варепа 87

7

5.                   

№ 523

Шар қ., "Қамқор Локоматив" ЖШС-нің әкімшілік ғимараты Е.Боранбай көш.  91

7

6.                   

№ 524

Жаңғызтөбе к., Шуақ  ауылы, Қазақстан Республикасының Ұлттық гвардиясының      "№ 6699 Әскери бөлімшесі" РММ-сі, квартал 1,  №8

5

7.                   

№ 525

Жаңғызтөбе к., Қазақстан Республикасының Ұлттық кәуіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің  " №2544 Әскери бөлімшесі"  клуб ғимараты

5

8.                   

№ 528

Қалбатау а., "Маяковский атындағы орта мектебі" КММ-сі  Ақтамберді жырау көшесі,  27

7

9.                   

№ 529

Қалбатау а., "Георгиевка орта мектебі" КММ-сі, Достық көшесі, 179

7

10.               

№ 530

Қалбатау а., "Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы" КММ-сі, Достық көшесі 2

7

11.               

№ 531

Қалбатау а.,  "Жарма ауданы әкімдігінің мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнның  ғимараты, Достық көшесі 92

7

12.               

№ 533

Ортабұлақ а., Ортабұлақ ауылының клуб ғимараты, Искаков көшесі 16

5

13.               

№ 535

Батыр Қапай а., "Васильковка негізгі мектебі" КММ-сі, Мира көшесі 27

7

14.               

№ 536

Жанаөзен а., "Шакенов атындағы орта мектебі" КММ-сі, Чапаев көшесі 1

7

15.               

№ 538

Малай а., "Малай негізі мектебі" КММ-сі , Батыс көшесі 7

5

16.               

№ 539

Сұлусары а.,"Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп" КММ-сі, Школьная көшесі 5

7

17.               

№ 543

Әди а., "Ә.Шарипов атындағы негізгі мектебі" КММ-сі, 2 квартал, 56

5

18.               

№ 544

Кентарлау а., "Шар негізігі мектебі" КММ-сі, Сәтпаев көшесі 5

5

19.               

№ 545

Қаратөбе а., "Д.Қалматайұлы атындағы орта мектебі" КММ-сі, 2 квартал, №2

7

20.               

№ 546

Бірлік а., "Бірлік орта мектебі" КММ-сі , Альжанов көшесі 25

7

21.               

№ 549

Қапанбұлақ а.,"Т.Хасенұлы атындағы орта мектебі" КММ-сі, Ә.Нұршайықов көшесі 1

7

22.               

№ 550

Егінбұлақ а., "С.Әлімбетов атныдағы негізгі мектебі" КММ-сі, К.Өтепханұлы көшесі1

5

23.               

№ 551

Балықтыкөл а., Балықтыкөл ауылының фельдшерлік пункт ғимараты, Тәуелсіздік көшесі 3/1

5

24.               

№ 553

Қарасу а.,  "Қарасу" шаруа қожалығының тұрғын үйі, Ардагер  көшесі 1

5

25.               

№ 555

Қызылағаш а., Қызылағаш ауылының жастар үйінің ғимараты, Әлімбетов көшесі 10

7

26.               

№ 556

Үшбиік а., "Ақтайлақ би атындағы орта мектебі" КММ-сі, Байғара көшесі 2 

7

27.               

№ 558

Аршалы а.,  "Аршалы негізгі мектебі" КММ-сі,  2 квартал, 39

7

28.               

№ 559

Жарықтас а., Жарықтас аулының фельдшерлік пункт ғимараты, 3 квартал  15

5

29.               

№ 560

Жарық а., Жарық ауылының клуб ғимараты, Абая көшесі 17

7

30.               

№ 562

Ақжал а., "Ақжал негізгі метебі" КММ-сі , "В" кварталы  53

7

31.               

№ 564

Жаңғызтөбе к., "Жаңғызтөбе мұнай өнімдері" ЖШС-нің әкімшілік ғимараты, 3 квартал, №78 

7

32.               

№ 565

Жаңғызтөбе, "Жаңғызтөбе орта мектебі-балабақша кешені" КММ-сі, 8 квартал, №3

7

33.               

№ 566

Жаңғызтөбе к., Жаңғызтөбе кентінің дәрігерлік амбулатория ғимараты, 5 квартал, №82

7

34.               

№ 567

Жаңғызтөбе к., Шуақ а., "№236 орта мектебі" КММ-сі , 3А үй

7

35.               

№ 568

Жарма к., Жарма кентінің клуб ғимараты, 3 квартал, №35

7

36.               

№ 570

Әуезов к., "Арман" жастар орталығының ғимараты,  Мира көшесі №90 А 

7

37.               

№ 571

Әуезов к., "Бақыршық орта мектебі" КММ-сі, "А" кварталы, 1

7

38.               

№ 572

Белтерек а.,"Қажыгелді атындағы орта мектебі" КММ-сі,Бүркітов көшесі 1 

7

39.               

№ 574

8-март а., "Балықтыкөл негізгі мектебі" КММ-сі 1 квартал,  4 үй

5

40.               

№ 575

Қаражал а., "Шевченко атындағы негізгі мектебі" КММ-сі,  Гагарин көшесі 55

7

41.               

№ 576

Үкілі а., "Верный путь бастауыш мектебі" КММ-сі, Искаков көшесі 2.

5

42.               

№ 577

Салқынтөбе а., "Маяковский атындағы негізігі мектебі" КММ-сі, Алтынсарин көшесі 12

7

43.               

№ 578

Қоңырбиік а., "Қоңырбиік негізгі мектебі" КММ-сі, Школьная көшесі 20

7

44.              №

№ 580

Ұзынжал а., "Ұзынжал негізгі мектебі" КММ-сі, 2 квартал 44

7

45.               

№ 581

Жайма а., "Арқалық негізгі мектебі" КММ-сі, Абай көшесі 1

7

46.               

№ 583

Кіші Қарасу а., Кіші Қарасу аулының жастар орталығының ғимараты, Қабанбай көшесі 6

7

47.              №

№ 584

Асқаралы а. "Лекеров атындағы негізгі мектебі" КММ-сі, Жалаңаш батыр көшесі 7

5

48.               

№ 585

Кезенсу а. "Кезенсу негізгі мектебі" КММ-сі 2 квартал  № 6/3

7

49.               

№ 586

Көшек а., "Көшек негізгі мектебі", 1 квартал  №28

7

50.               

№ 588

Суықбұлақ к., "Новотаубинка бастауыш мектебі" КММ-сі, Мира көшесі №6 "Б"

7

51.               

№ 589

Суықбұлақ к., "Суықбұлақ орта мектебі" КММ-сі, Школьная көшесі 24

7

52.               

№ 1146

Қалбатау а., "Қазақстан Республикасы полиция  Министрлігі Шығыс Қазақстан Облысының полиция Департаменті Жарма ауданының полиция бөлімі" ММ-сі, Бабатайұлы көшесі 36

5

 

 Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихаты