«Кітап – ғасыр мұрасы»

Жарма аудандық кітапханасында «Кітап – ғасыр мұрасы» атты блиц-тур Жастар үйінің қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырылды. Аталған іс – шараға ауданның 3 мектебінің оқушылары қатысып, аудандық кітапхананың жылдар бойы кітап оқудан талмаған тұрақты үздік оқырмандары шақырылып, шарамыздың құрметті қонағы болды. Шара барысында кітапханашы Шәрбат Латифқызы кітаптың шығу тарихы, жасалуы, әлемдегі таңғажайып кітапханалар жайында мол мағлұматтар айта келіп, кітап оқудың пайдасы, кітап оқудағы мақсат не екендігі туралы түсіндірілді. Еліміздің кемел болашағы – жастар болғандықтан, мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін оқушыларымыздың кітап арқылы парасатты да білімді, рухани бай, жан – жақты дамыған азамат болу керек деген ойды алға тартты. Сондай – ақ оқушылардың білім көкжиегін кеңейтуді мақсат еткен ойындар ойнатылып, тапқырлыққа баулыдық. Шара соңында белсене атсалысқан оқушылар түрлі сыйлықтармен марапатталып, Жастар үйі атынан «Алғыс хат» берілді. Кітапхананың «Үздік оқырмандары» эмблемасы құрметті қонақтарымызға беріліп, құнды сыйлықтар тарту етілді.