Есеп беру беру-сайлау конференциясы өтті

2018 жылғы 11 қазан күні «Нұр Отан» партиясы Жарма аудандық филиалының  XVІII аудандық есеп беру-сайлау конференциясы  өтті.

Конференция жұмысына «Нұр Отан» партия Жарма аудандық филиалының төрағасы Н.Б.Сыдыков, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси Кеңесінің, Жарма аудандық мәслихаты депутаттық фракциясының  мүшелері  және бастауыш партия ұйымдарынан делегаттар қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси Кеңесінің, Бюро мүшелері және облыстық конференцияға делегаттар сайланды.

Конференция  жұмысының қорытындысы бойынша Қаулы қабылданды.