Жарма ауданының Шар қаласында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы...

Жарма ауданының Шар қаласында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ағымдағы жөндеуден өткізілген «Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің ерекше жандарға арналып жаттығу залы ашылды. Онда аудан басшысы Н.Сыдықов және қалалық мәслихат депутаты, Шығыс Қазақстан облысының пауэрлифтинг, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азияның және Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы Андрей Алтайбаевтың қатысуымен өткізілді. Жарма ауданында барлығы 144 ерекше жанды адамдар.

Ғимарат арнайы жаттығу кабинеттерімен жабдықталған  қол күрес, үстел теннисі, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, гимнастика және демалыс бөлмесі бар.

Алғашқы құттықтау сөз  және лента қию рәсімін – аудан әкімі Сыдықов Нұрлан Бәттәшұлына және де қол күресінен Боровое қаласында 3 орын иегері Қуандық Бейсембаевқа берілді. Сонымен қатар,  Семей қаласынан келген қонағымыз Андрей Викторович мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған олимпиадалық штангіні сыйлап, балалардың көңіліне қуаныш сыйлады.

Жаттығу залының ішін аралап, өткізілген 5 түрлі спорттық іс-шараларға қатысып, концерттік нөмерлерді тамашалады.