Абай оқулары

14 қыркүйек 2018 жылы Шар қалалық кітапханасында «Тұғыры даналықтың болған - Абай» атты Абай оқулары өткізілді. Іс-шараға П.Г. Карелин  атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушылары қатысты (мұғалім Оразбаева С.Д.). Іс-шара барысында қатысушылар Абайдың шығармашылығы бойынша 4 номинация бойынша өнер көрсетті:

1.«Асыл сөзді іздесең,

     Абайды оқы, ерінбе» (Абай өлеңдеріне, поэмаларына, өмір жолына арналды)

2.  «Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,

      Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» (қара сөздер)

3. «Көңілім әнді ұғады» (Абай әндері)

4.«Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» (Шығармашылық жұмыс)

Қатысушылар Абай өлеңдерін, поэмаларынан үзінділер оқып, шығармашылығына, өмір жолына, музыкалық мұрасына тоқталып өтті. Шығармашылық жұмыс ретінде шағын эсселер жазып, оны қорғады. Шара барысында белсенді қатысқан оқушылар Оралхан Ерасыл, Такен Диана, Аулабаева Аяжан, Танатарова Жайна мадақтамамен, шағын сыйлықтармен марапатталды.